Табиғат • Бүгін, 09:45

Ертіс өзенінде сең қозғалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Өзен жағасында орналасқан елді мекендердің тұрғындары бұл табиғи құбылысты қызығушылықпен бақылап отыр.

Мамандардың айтуынша, көпжылдық бақылау нәтижесіне сәйкес, соңғы жылдары мұз жүруінің қарқыны бәсеңдеп келеді. Бұған ауа температурасының өзгеруі секілді түрлі факторлар әсер етіп жатыр. Сонымен қатар, өзеннің 60-70 шақырымдық бөлігі қыс мезгілінде толық қатпайды. Осыған байланысты Ертісте бұрынғыдай ірі мұз кептелістері сирек байқалады.

Ертіс орманында құстың 90 түрі бар

Мұз жүру кезеңінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, өзендегі су деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Ертісте сең қашан жүреді?

Ал мұз толық өткеннен кейін Павлодар өңіріне шығыс аймақтардағы су қоймаларынан жіберілетін судың едәуір көлемі келіп түседі.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45