Талбесік • Бүгін, 08:23

Ертіс орманында құстың 90 түрі бар

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр «Ертіс орманы» табиғи резерватының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық зерттеу нәтижесінде орман аумағында бұрын тіркелмеген 40 құс түрі анықталған. Олардың ішінде Павлодар облысында алғаш рет тіркелген түрлер де бар.

Ертіс орманында құстың 90 түрі бар

Сурет: kaz.inform.kz

«Ертіс орманы» мемлекеттік таби­ғи резерваты – еліміздегі био­алуан­түрлілігі жоғары, ғылыми ма­ңызы зор аумақтардың бірі. Қазір мұнда құстардың 90 түрі тіркелген. Оның ішінде 10 түрі еліміздің Қызыл кітабына енген. Сондай-ақ өсімдіктердің 307 түрі мен сүтқоректілердің 21 түрі анықталған.

«Былтыр резерват мамандары зерт­теп, анықтаған, бұрын-соңды кез­деспеген құс түрлерінің ішінде кәдімгі жыланжегіш (Circaetus gallicus), емен­тұмсық (Coccothraustes coc­cothraustes), азиялық қарабас шақ­шақ (Saxicola maurus),  қызылқұлақ сұлы­кеш (Emberiza cioides) сынды құс­тар бар.  Біразы бұған дейін Ертіс-Баян өңірінде ұшыраспаған, алғаш тір­ке­ліп отыр», деп хабарлады резерват өкілдері.

Мекеме басшылығы алдағы уақыт­та да мониторинг жасауды жүйелі жал­ғастыра беретіндерін айтады. Табиғи бай­лықты сақтау мен қорғауда «Ертіс ор­манының» алатын маңызы арта түспекші.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58