Парламент • 24 Қыркүйек, 2020
Отбасындағы әлімжеттікті болдырмау маңызды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен жалпы отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын бірауыздан мақұлдады.
Ғылым • 24 Қыркүйек, 2020
Отандық ғылыми журналдар халықаралық базаға енгізілді
Әлемде әр елдің ғылыми әлеуеті халықаралық базалардағы журналдарымен, ал ғалымдардың еңбегі халықаралық базалардағы журналдарға жарияланған мақалаларымен өлшенеді. Жақында 12 қазақстандық ғылыми журнал Web of Science мәліметтер базасына және тағы 5 журнал Scopus-қа енгізілді. 2011-2019 жылдар аралығындағы «Web of Science» мәліметтер базасының бірінші квартилі бойынша, Қазақстан ең беделді журналдардағы мақалалар мен шолулар саны жөнінен 122-орыннан 87-орынға көтерілді.
Ғылым • 24 Қыркүйек, 2020
Кезекті кейіпкерімізбен алғаш танысқанымызда «Мейірімді робот» деген сөз көкейге келді. «Жасанды роботтың да мейірімдісі болушы ма еді?» дерсіз. Роботты жүрегі мейірімге толы жан жасаса, қайырымды дүниеге айналады екен. Ғалым Анар сандығұлова аутистік спектрдің бұзылуы бар балалармен коррекциялық жұмыс істейтін робот жасап шығарған. Мұны іс-тәжірибеде қолданып, лайықты нәтиже көрсетіп те үлгерді.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Ұялы телефон ұрлағанды құрықтады
Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көше бойында орналасқан дәмханалардың бірінде үстел үстінде тұрған «ОРРО» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап әкеткенін жазған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.