Туризм • 20 Қыркүйек, 2024
«Көлсай – халқымыздың баға жетпес қазынасы»
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғаттың байлығы мен сұлулығын сақтай отырып, еліміздің экологиялық ахуалына маңызды үлес қосып келе жатқан ерекше аймақ, флорасы мен фаунасы, су айдындары мен табиғи экожүйесі – баға жетпес байлық. Соңғы жылдары қарағайлы тау қойнауына ерекше көрік беріп, мөлдіреп тұрған Көлсай көлдерін тамашалауға келген туристер саны да еселене түскен. Туристік аймақтың тыныс-тіршілігін білмекке «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Елнұр АХМЕТОВТІ әңгімеге тартқан едік.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2024
Спортты бақталастық көгертпейді
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпар додасынан финалдық тартыс Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қырғызстан ұлттық құрамасы арасында өтіп, 5:4 есебімен біздің көкпаршылар этноспорт Олимпиадасының чемпионы атанды.
Ұлттық спорт • 20 Қыркүйек, 2024
Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет құсбегілік сайысы енді. Ала жаздай түлекке отырғызып, етін қатырып, дүбірлі додаға қосқан қырандарының қырағылығын көрсеткен саятшылардың сақа өнеріне көпшілік тәнті болды.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
«Көшпелілер алгебрасының» алғыры
Кең-байтақ қазақ даласы – елдік пен ерліктің ғана емес, озық салт-дәстүр мен мәртебелі һәм өрісті өнер мекені. Халқымыздың қой бағып, қоймен бірге ой бағып жүргенінің тағы да бір жарқын үлгісі, ұлттық бірегей ойын түрі саналатын тоғызқұмалақтың тарихы тым тереңнен тамыр тартады. Алғырлық пен тапқырлықты талап ететін ойын кем дегенде 4000 жыл бұрын пайда болған. Бағзыдағы бабалар өсиеті келер ұрпақты қуат-күшінің мықтылығымен сынап қана қоймай, көңіл көзінің көреген болуына, ақыл-парасатымен көп нәрсені пайымдауына үлкен мән берген.
Аңдатпа • 20 Қыркүйек, 2024
21 қыркүйек - Астана кешінде... «Астана Опера» сахнасында Ilya Beshevli фортепианоға арналған музыка концерті өтеді.