Қоғам • 15 Қыркүйек, 2017
Ғылым мен технологияның әліпбиі
Қазақ қоғамын жаңғыртуға бастаған бірінші, екінші жаңғыру еліміздің экономикалық әлеуеті мен халқымыздың жасампаздығын әлемге паш етті. Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты еңбегінде атап көрсетілгендей экономикалық және саяси реформаны қоғамды рухани жаңғырту арқылы ғана баянды етуге болады. Сондықтан да қоғамдық сананы өзгерту – Қазақстандық үшінші жаңғырудың қуатты қайнар көзі болып табылады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Сұлтанмахмұт шығармалары «Бір ел-Бір кітап» аясында
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің студенттері осы мақсатқа сай жиналып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Еліміздің Ұлттық кітапханасы Кітапханалар Ассоциациясы бастамасымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Бір ел – бір кітап» республикалық рухани шарасы аясында биылғы жылы жалпыға ортақ оқу үшін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектері таңдалған-ды.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Асфальт пен битум өндіретін зауыт іске қосылады
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «ДезФумекс» ЖШС-нің асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Кейкі батырдың кесенесі бой көтеріп, сүйегі жерленді
Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды дегенді осындайда айтатын шығар, бәлкім. Бүгін, күндердің ұлығы, қасиетті жұмаға орай Қостанай облысы, Амангелді ауданында қазақ тарихында аңызға бергісіз батырлық іс, өшпес із қалдырған әйгілі батыр Кейкі Көкембайұлының кесенесі бой көтеріп, сүйегін жерлеу рәсімі өтті.
Футбол • 15 Қыркүйек, 2017
Шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді.