Президент • 20 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 19 Қыркүйек, 2023
Келешекке бағдарланған кездесулер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында шетел президенттерімен екіжақты кездесулері жалғасты. Сондай-ақ Президент бірқатар халықаралық ұйым және трансұлттық компанияның жетекшілерін қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізді.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясы саммитінің аясындағы бұл сапары қай жағынан алса да уақытқа сай. Бірақ біз үшін сапардың ең басты оқиғасы Орталық Азия көшбасшыларының АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесуі болатыны анық.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2023
Қазір геосаясаттағы тектоникалық мүдделер қақтығысы, өзгерістер болып жатқан заманда мемлекетіміз теңгермелі, тежемелі, елеп-екшеген сыртқы саясатты жүргізіп келе жатқаны белгілі. Біз жер қойнауы шикізатқа да бай елміз. Өндіріске, экономикаға қажетті деген ең маңызды стратегиялық ресурстардың белгілі бір бөлігі мемлекетімізде шоғырланған.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы дәстүрлі саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Жиында орнықты даму мақсаттарын ілгерілету мәселесі талқыланып жатыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Өйткені құжат қабылданғалы межеленген 15 жылдың жартысы өтті. Қазіргі өзгерістердің, халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыстың салдарынан орнықты даму мақсатына қол жеткізу күрделі мәселеге айналды.