Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Тұмауға қарсы екпенің көмегі көп
Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Астанадағы №9 қалалық емханада өткен брифингте жыл сайын қайталанатын тұмау мен жедел респираторлық инфекцияларға қарсы вакцинамен егілудің маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Қазақстан мен Өзбекстан әйелдері: достық нығая береді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Өзбекстан әйелдері комитетінің төрайымы Т.К.Нарбаеваның шақыруы бойынша 2018 жылғы 13-14 қыркүйекте қазақстандық делегацияны бастап, Өзбекстан Республикасына сапармен барып қайтты. Сол күндері Ташкент қаласында Қазақстан және Өзбекстан әйелдерінің алғашқы бизнес-форумы өтті.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Инвесторлар «жасыл энергияны» дамытуға ниетті
Елімізде жаңғырмалы энергия көздерін сатып алумен айналысатын «ЖЭК бойынша есеп айырысу орталығының» құрылғанына биыл 5 жыл толды. Бұл орталық ұлттық электр желілерінің жүйелік операторы KEGOC компаниясының еншілес кәсіпорны ретінде жұмыс атқарып келеді. Биылғы көктемде өткен аукционның нәтижесінде аталған орталық 250 МВт электр өндіретін 19 инвестормен келісімшартқа отырыпты.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Жас көшбасшылар кімдер болады?
Қазақстан жастарының конгресі «Рухани жаңғыру» жобасы аясында еліміздегі ең белсенді жастар арасынан алдыңғы қатарлы 7 азаматты анықтамақ. Ұйымдастырушылар бұл жөнінде «Қазмедиа» орталығында өткен брифингте мәлімдеп, жастарды шараға белсенді қатысуға шақырды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту – «Нұр Отан» партиясының жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Бұл жөнінде партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев білім беруде ерекше жағдайды талап ететін балаларға арналған «ВІ-Жұлдызай» республикалық спартакиадасының ашылу салтанатында айтты. Биыл аталған сайыс Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.