Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл 8 ай ішінде Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға жалпы көлемі 9,6 млрд теңгеге қолдау көрсеткен деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жөнінде Орал қаласындағы бірқатар бизнес нысандарына жүргізілген пресс-тур кезінде мәлім болды.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Ұрланған велосипед үш сағат ішінде табылды
27 жастағы Петропавл тұрғыны жұмысына бару және қаладағы басқа да өз шаруаларына велосипедпен жүреді екен. Жақында ол Шухов көшесіндегі жатақхананың кіреберісіне көлігін қалдырып, жарты сағатқа ата-анасына барады. Шыққан бойда көлігінің жоғалғанын байқап, бірден жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
Геннадий Головкин Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды
Геннадий Головкин өзінің Twitter парақшасында America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп жатқан Данэлия Төлешоваға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2020
Қарағанды қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттарымен келісілгеннен кейін облыс орталығының жаңа басшысын Жеңіс Қасымбек жұртшылыққа таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2020
ЕҚҚДБ Қазақстанда құны 30 миллион долларлық бағдарламаны іске қосады
Жасыл технологиялық шешімдерге инвестиция бөлетін үй шаруашылықтары мен жекеменшік сектор үшін гендерлік бағдарланған жасыл қаржыландыруды қолдау мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда жалпы құны 30 миллион АҚШ долларын құрайтын Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz