Экономика • 23 Қыркүйек, 2020

ЕҚҚДБ Қазақстанда құны 30 миллион долларлық бағдарламаны іске қосады

184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жасыл технологиялық шешімдерге инвестиция бөлетін үй шаруашылықтары мен жекеменшік сектор үшін гендерлік бағдарланған жасыл қаржыландыруды қолдау мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда жалпы құны 30 миллион АҚШ долларын құрайтын Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

ЕҚҚДБ Қазақстанда құны 30 миллион долларлық бағдарламаны іске қосады

KMF микроқаржы ұйымы шағын бизнесті несиелендіруде 5 миллион АҚШ долларлық несиелік желіні алған алғашқы жергілікті серіктес қаржы мекемесі болды. Шағын қалалар мен шалғайдағы ауылдық елді-мекендерді қоса алғанда, бүкіл ел бойынша мыңдаған үй шаруашылықтары, жергілікті шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) климаттың өзгеруіне бейімделуге көмектесетін технологиялық шешімдер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін шамамен 1500 АҚШ доллары көлемінде несие ала алады. Шешімдер ғимараттың жылу оқшаулауын, фотоэлектрлік күн панельдерін, геотермиялық жылу сорғыларын, суды үнемдейтін суару жүйелерін орнатуды қамтиды.

GEFF-Қазақстан сонымен қатар әйелдер мен ерлер үшін жасыл технологияларды қаржыландырудың тең қолжетімділігіне ықпал ететін гендерлік бағдарланған жобаларды да қолдайтын болады.

Қазақстанда қол жетімді стандартты жасыл технологиялық шешімдерді таңдау кезінде клиенттер Жасыл Технологиялар Селекторы - бағдарламаға енгізілген қазақстандық және шетелдік технологиялар мен жабдықтардың каталогын қолдана алады. Еуропалық Одақ (ЕО) Жасыл технологиялар селекторын әзірлеуді қаржыландырды. Жобаның іске қосылуына арналған бүгінгі онлайніс-шара донорлардың, жергілікті билік органдарының өкілдерінің, жергілікті серіктесті қаржы мекемелерінің, коммерциялық сектор үшін жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілердің басын қосты.

Жасыл технологияларға инвестициялар бөлетін кәсіпорындар мен меншік иелері Жаһандық экологиялық қордан (ЖЭҚ) өтемақы (грант) алуға құқылы болады. Сонымен қатар, Австрияның Федералды қаржы министрлігі GEFF желісі бойынша техникалық көмек көрсетуді және жасыл технологиялар селекторын құрастыруды қаржыландырады.

KMF үшін несие ресурстарын ұсына отырып, ЕҚҚДБ Қазақстанның көміртекті-бейтарап экономика құруға ұмтылысына өз үлесін қосады, экологиялық шешімдерді ілгерілетеді және әйелдер мен ерлер басқаратын бизнеске жүгіне отырып, көміртегі шығарындыларының қарқындылығын және климаттың осалдығына байланысты тәуекелдерді төмендетудің жаһандық процесіне қатысады.

Бұл бағдарлама Қазақстанға жылдық энергия тұтынуды 150 000 ГДж-ға және көмірқышқыл газының шығарылуын жылына 40 000 т CO2-ға қысқартуға көмектеседі деп күтілуде.

GEFF Жасыл экономикаға көшу тәсілі (ЖЭК) шеңберінде климат және қоршаған орта үшін жобаларды қаржыландыруды кеңейту жөніндегі ЕҚҚДБ-ның жақында жарияланған жоспарының бөлігі болып табылады, оған сәйкес 2025 жылға дейін банк гендерлік мәселелерге ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күресті қаржыландыруға өзінің жылдық инвестицияларының 50 пайызынан астамын салуға ұмтылатын болады.

GEFF бағдарламасы 27 елдегі 145-тен астам қаржы институттарының желісі арқылы жұмыс істейді. Бүгінгі күні ЕҚҚДБ-нің бағдарламасы бойынша 190 мың клиент үшін инвестицияның жинақталған көлемі 4,6 млрд. еуроға жетті. Жүзеге асырылған жобалар жылдық CO2 шығарындыларын 8,6 миллион тоннадан астамға азайтты

ЕҚҚДБ өз қызметі кезеңінде Қазақстан Республикасының экономикасында жалпы инвестиция көлемі 8,6 миллиард евро болатын 276 жобаны жүзеге асырды.