Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Жылыту маусымына дайындық қалай?
Электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау тарифтерінің өсуі қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ салмауға тиіс. Amanat партиясы жанындағы Энергетика комитетінің мүшелері осылай деп есептейді. Кезекті жиын барысында партия мүшелері коммуналдық кәсіпорындарды жаңғырту және алдағы жылыту маусымына дайындық барысын қарады.
Үкімет • 22 Қыркүйек, 2022
Ұлт денсаулығы – маңызды мәселе
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бергенін хабарлады.
Саясат • 22 Қыркүйек, 2022
Саяси жүйені жаңартудың бастауы
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, халыққа арнаған үндеуінде бетбұрыс кезең «елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін» атап көрсетті. Президент, сондай-ақ, сайлаудың қатаң түрде заңға сәйкес өтетінін айтып, барша халықты азаматтық жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпті қатаң ұстануға шақырды.
Пікір • 22 Қыркүйек, 2022
Жаңару Президент сайлауынан басталады
Мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауының тарихи ерекшелігі көп. Өйткені, біріншіден, Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет сайлаудың өтетін мерзімі алдын ала жарияланды.
Пікір • 22 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы биыл 20 қарашада өтетін болды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы кешегі үндеуінде кеңінен тоқталып, аталған сайлау электоралдық циклді бастайтынын, оның қорытындысы бойынша бүкіл саяси жүйе түбегейлі қайта жанданатынын айтты.