Өнер • 24 Қыркүйек, 2021
Оның суреттерінің бәрі – тірі. Тіпті, сізге тіл қатып тұрғандай, әлдебір ойдың әуенін еске салады. Бояуды кенепке төгерде айқын һәм шынайы. Содан ба заманауи туындылардың біріндей көрінеді. Әйтсе де ол – XIX ғасырдың адамы. Алуан түстердің арпалысынан ләззат алып, көркем өнердің керуеніне ілескен Клод Моне. Бұл – даңқты суретшінің «Жолы».
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Boeing 767 жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Қыркүйек, 2021
24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 24 Қыркүйек, 2021
Алматы қаласында 23-28 қыркүйек аралығында Chaplin Mega Park кинотеатрында QaraFest фильмдері көрсетіледі. Бағдарламада Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан он туынды бар. Барлық фильм түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль 30 қыркүйек пен 9 қазан күндері өткізілмек. Айта кетейік, көрсетілімдер «Сорос-Қазақстан» қорының және нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Медицина • 24 Қыркүйек, 2021
Алыстағы ауылда тұратын ағайынның сапалы медициналық қызметке әлі күнге дейін зәру екені белгілі. Дегенмен бұл бағыттағы мәселені шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоқ деп те айта алмаймыз. Мысалы, Қарағанды облысында алты жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істей бастады. Міне, соның нәтижесінде ауыл тұрғындары қалаға сабылмай-ақ, медициналық тексеруден өтіп, салалық мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.