Оның суреттерінің бәрі – тірі. Тіпті, сізге тіл қатып тұрғандай, әлдебір ойдың әуенін еске салады. Бояуды кенепке төгерде айқын һәм шынайы. Содан ба заманауи туындылардың біріндей көрінеді. Әйтсе де ол – XIX ғасырдың адамы. Алуан түстердің арпалысынан ләззат алып, көркем өнердің керуеніне ілескен Клод Моне. Бұл – даңқты суретшінің «Жолы».

Картинаның құпиясы да сол, қолмен ұстағандай сол сәтті көзбен көргендей етіп орындалуында. Алтын күннің жарқыраған сәулесіне шомылған күзгі орман көрінісі. Суретші үшін мейірімді мезгіл, мерейлі мезет. Әртүрлі формада жерге кілемдей жайылған жұмсақ жапырақтар мерекелік көңіл күй сыйлайды. Аздап сағыныш та бар. Жаздан қалған естеліктер қоңыз күздің аспанында қалықтайды. Сұлулық һәм тыныштықпен тыныстаған табиғаттың таңғажайып кейпі жағымсыз ойдан тазаруға жол ашып тұрғандай.
Түстердің мұңды және жұмсақ реңктері қызықты комбинация түзген. Суретші жұмсақ сарғыштықпен сұйылтылған жылы қоңыр һәм жасыл реңктерді қолданады. Кескіндемеде оң жақ бұрышында пейзажға тән балғындық бар. Оны уылжыған жасыл түстер айшықтап тұр. Аспанда сұр реңктер басым болғанына қарамастан, мұнда жылу мен мейірім, сағыныш пен сүйіспеншілік ұялаған. Сурет жаздың өткенін хабарлап тұрғандай. Күздің қара суығы келсе де әрбір мезгілден жаныңызға рахат іздеуге шақырады.
Бұл кескіндеме «Табиғат аясындағы таңғы ас» репродукциясы негізінде жазылған. Оқырманды еліктіріп әкететін детальдарға толы. Ашық аспан аясында күздің сұлу бейнесіне көз қадап, тамсануға ешкім кедергі жасамайды. У да шу қаланың қарбаласынан қашып, тыныштыққа бойсұну. Кескіндемеге қарап, өз ойларыңызбен серуендеп, жасырын тілектеріңізді үнсіз табиғатқа жайып салуыңызға болады. Француз суретшісі Клод Моне осыны айтқысы келгендей.
Бұл – күз бен суретшінің бір-біріне деген мөлдір махаббаты.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар