Спорт • 24 Қыркүйек, 2021
Токио Олимпиадасының аяқталғанына біраз уақыт өтсе де, Қазақстанның грек-рим күресі шеберлерінің сол жарыстағы сүреңсіз көрсеткіші жайындағы әңгімелер әлі де саябырси қойған жоқ. Әрине, жанкүйерлерді түсінуге болады. Олардың жанайқайы орынды. Қанша дегенмен спорттың бұл түрінде елімізде жеңіспен өрілген керемет дәстүр бар. Өз өрендеріміздің арасынан талай чемпиондар шықты. Алайда Олимпия ойындарындағы көрсеткішіміз уақыт озған сайын нашарлап барады.
Президент • 24 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитте сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі таңда азық-түлік нарығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азық-түлік жүйелері табиғи қажеттілік, қоршаған орта, экономика мен мәдениет сияқты адамзат болмысының барлық қырын қамтиды, деп жазады Egemen.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Технология • 24 Қыркүйек, 2021
Әуежайда цифрлы жеке куәліктерін пайдалана алады
Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov mobile қосымшасы арқылы цифрлы жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын.
Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2021
2021 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Қыркүйек, 2021
«Ағарған» нарық адалға бұйырады
Тауарларды цифрлы таңбалау Қазақстанда 900 млрд теңгеден астам сомаға қосымша өткізу нарығын қалыптастырады. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы – Цифрлық экономиканы дамыту орталығының жүргізген есебі осыны көрсетіп отыр.