Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2023
Қазыналы қарттардың ел дамуына қосқан үлесі – телегей-теңіз. Заманның қиын-қыстау шағында қара жұмыстың қамытын киіп, бел жазбай, тізе бүкпей тер төгіп, егін орды, мал бақты. Соның нәтижесінде қамба дәнге, қора малға толды. Білім мен денсаулық саласында да уақытпен санасуды білмеген өз ісінің хас шеберлері халыққа қалтқысыз қызмет етті. Сөйте жүріп, талай баланы өмірге әкеліп, ұлтымыздың ұрпағын көбейткен ардақты әке, асыл аналардың ерен еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Аудандық ардагерлер кеңесінің төңірегінде мықты, белсенді қариялар топтасқан. Бәрі ақы-пұлсыз, уақытпен санаспай, ел бірлігі, қоғам тыныштығы үшін үнемі шапқылап жүргені. Солардың арасынан Серік Балабеков туралы бөле-жара айтқым келіп отыр. Серіктің өзі маған туабітті қоғамдық жұмыспен айналысып жүрген азамат сияқты болып көрінеді.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2023
Жаңабазарлық ардагерлердің өнегелі іс-әрекеттері, қоғам өміріндегі белсенділігі облыс, республика көлеміне кеңінен танылған. Өңірдегі өзге аудандарда замандастары үлгі алып, игі істер жалғасын тауып жатыр. Қазығұрт ауданында абырой-беделі зор, туған жерді қайта түлетуге лайықты үлес қосып жүрген азаматтар да «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Олардың ел арасында ынтымақ, бірлікті сақтау, жастарға тәрбие беруде, отбасылық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі ерекше.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Ізгілік салтанат құрған қоғамның көші қашанда ілгері. Мұндай қоғамда адамның қадірі, еңбектің бағалануы, әділет, жауапкершілік сияқты құндылықтардың ұстыны берік. Осыны жете сезінген аға буын кейінгі толқынға адамгершілігімен, еңбекқорлығымен үлгі бола білді. Еткен еңбек, төккен тер еккен егін іспетті. Сондықтан қариялар енді оның жемісін жеп, қызығын жас ұрпақпен бірге көруге тиіс. Осы орайда елімізде қазан айының басында қазыналы қарттарға ерекше құрмет көрсетіледі.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2023
Аян Бейсенбаев Азия ойындарында қола жүлдегер атанды
Қазақстан спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қазынасын 23 медальмен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.