Инспекциялық сапарлардың негізгі мақсаты – алдағы әкімдерді тікелей сайлауды өткізетін аудандық сайлау комиссияларына баса назар аудара отырып, өңірлік сайлау органдарына әдістемелік көмек көрсету және оқыту. Инспекциялық сапар барысында азаматтарды науқан кезеңдері мен дауыс беру күні туралы ақпараттандыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар-кеңестердің жұмысына қатысты. Жиында облыстық мәслихат депутаттары әкімдерді сайлайтын үш ауданды анықтаған. Олар: Есіл, Тимирязев және Мәмлүт.
Кеңес барысында сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары, аудандардың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндады. Олар сайлау науқанының негізгі ерекшеліктері, сайлауды ұйымдастырудан бастап дауыс беру күніне дейінгі сайлау рәсімдері, әкімге кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, сайлау алдындағы үгіт жүргізу, учаскелік сайлау комиссияларының сайлауға дайындық кезеңінде және оны өткізу күніндегі қызметін түсіндіріп өтті.
Семинар-кеңестердің қорытындысы бойынша ОСК төрағасының орынбасары К.Петров аудандық сайлау комиссиялары мүшелері мен учаскелік сайлау комиссиялары төрағаларының сұрақтарына жауап берді.
Ал ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина аумақтық сайлау комиссияларының Ақмола облысындағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарлары мен хатшыларын оқытуға қатысты. Мәслихаттар сайлау өтетін бес аймақты – Ақкөл, Астрахан, Жақсы, Есіл және Шортанды аудандарын белгілеген.
Оқыту семинарлары шеңберінде өткізілген «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны барысында дауыс беру күнінің барлық кезеңдері егжей-тегжей қаралды. Сонымен қатар УСК мүшелері үшін сайлауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кейс тапсырмалар дайындалды, дауыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар модельденіп, оларды шешу әдістері түсіндірілді. Семинарлар қорытындысы бойынша оқуға қатысушылар сайлау заңнамасын білуге тестілеуден өтті.
Шығыс Қазақстан облысының мәслихаттың шешімімен әкімдердің алғашқы тікелей сайлауы өтетін Алтай және Глубокое аудандарында ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың қатысуымен сайлауды дайындау және өткізу бойынша көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылды.
Семинарларда жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдері сөз сөйлеп, сайлауға дайындық және науқанды өткізу кезеңінде заңдылықты сақтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сайлау комиссиясының мүшелері үшін іскерлік ойын өткізіліп, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күні тиісті іс-қимыл алгоритмімен жұмысы көрсетілді. Оқыту тренингтеріне 500-ден аса сайлау комиссияларының мүшесі қатысты.
Семинар барысында А.Щегорцова азаматтарды сайлау науқанының барысы туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ғана емес, басқа да коммуникация құралдары арқылы уақытылы хабардар етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұдан басқа, ОСК интернет-ресурсы арқылы әкімдер сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге тартылған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне қашықтан оқыту және тестілеу ұйымдастырылады. Сондай-ақ Электоралдық оқыту орталығының базасында барлық облыстың және 45 ауданның және облыстық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған бірқатар онлайн-семинарлар жоспарланып отыр.