Референдум • 18 Қыркүйек, 2024
Орталық референдум комиссиясы елімізде АЭС салуға қатысты республикалық референдумға дайындық барысын талқылады. Комиссияның екінші отырысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру тәртібі, өңірлердің дайындығы, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді әзірлеу, дауыс беру тәртібі мен референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі талқыланды.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауында бірқатар маңызды мәселе көтерді. Көбі қаржы секторына байланысты болды. Келесі жылдан бастап коммерциялық қаржы нарығы мен мемлекеттік қаржы секторында елеулі өзгеріс күтіп тұр. Банктер енді экономикаға жұмыс істейді. Егер олар көнбесе, шетелден корпоративті секторды қаржыландырғысы келетін көптеген ойыншы шақырылады.
Энергетика • 18 Қыркүйек, 2024
Энергетикадағы инновациялық өркендеу
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері кеше Алматы облысына барды. Штаб құрамында депутаттар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері бар. Олар өңірде кәсіпорын ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жергілікті жұртшылықпен кездесіп, елімізде АЭС салуға қатысты референдум өткізу мәселелерін талқылады.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
АЭС-тің артықшылығын білген абзал
Ертеңнің қамын бүгін ойламасақ, бүрсігүні опық жеп қалуымыз бек мүмкін. Оны дамыған және дами алмай отырған елдер мысалынан көріп тұрмыз. Отандық ғалымдар да елге керек энергия көзі туралы жүздеген дәлел мен дәйек келтіріп, түйінді тұсын толық жіліктеп берді.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2024
Орталық Азия – Германия: Тұрақты ұстаным, сенімді серіктестік
Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуі өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осынау айтулы іс-шараға арнайы келген Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Олаф Шольцті, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті жылы ұшырай қарсы алды.