Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024
Жамбыл облысында ірі жол апатынан жеті адам қаза тапты
Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2024
Семейдегі мәдени мерекелерде қала гербі неге қолданылмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда өңір таңбаларына ерекше мән беріп отыр. Сөзімізді дәйектей кетсек, Мемлекет басшысы биылғы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Мен былтыр аймақтардың нышанын, яғни символикасын жүйелеп, бірыңғай стандартқа келтіру қажеттігін айттым. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімі де байқалуға тиіс», - деді.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2024
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» VS «Автомобилист»
Бүгін Ресейде өтіп жатқан Құрлықтық хоккей лигасында еліміздің «Барыс» командасы «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Қыркүйек, 2024
Moody's Investors Service агенттігі Отбасы банктің ұзақ мерзімді рейтингін Baa1 деңгейіне көтерді
Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ несиелік қабілеттіліктің базалық бағасы (ВСА) және түзетілгені ВСА ba2-ден ba1-ге дейін көтерілді.
Президент • 17 Қыркүйек, 2024
Орталық Азия елдерінің басшылары мен Германия канцлері кездесу өткізді
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және өңірлік кооперацияға қолдау көрсеткені үшін Федералдық канцлер Олаф Шольц пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.