Оқиға • Бүгін, 14:29

Жамбыл облысында ірі жол апатынан жеті адам қаза тапты

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы жағдай 16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында ірі жол апатынан жеті адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Cadilak Escalade жүргізушісі басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан DAF жүк көлігімен және  өз жолағынан шығып, Газель көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан екі көлік өртеніп кеткен.

«Жол апатынан 37 жастағы Газель жүргізушісі, 30 жастағы Cadilak Escalade жүргізушісі және оның 5 жолаушысы, оның ішінде екі жасар бала оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15