Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018
Мемлекеттік қолдау арқылы мектеп ашты
Табысқа төрт қабат көрпе төсеп, шалқаңнан жатып құр армандау жеткізбейді. Әуелі жоспар, сосын талап керек. Қызылжарма ауылының тұрғыны Қуаныш Дәуренбеков ойға алғанын орындау үшін алдымен облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бизнес-кеңесші» оқуына қатысқан.
Күрес • 14 Қыркүйек, 2018
Марат ЖАҚЫТ: Бапкер баулыған шәкіртін баласындай көруі керек
Самбо күресінің саңлағы, атақты бапкер Марат Жақыт – қазақ спортына зор еңбек сіңірген тұлға. Жекпе-жек спорт түрлерінен «КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын (1987 жылы) алған тұңғыш қазақ. Марат Нұрмұхамедұлы самбо күресінен 160-қа жуық спорт шеберін дайындаған. Осылардан, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері – 2, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 25, КСРО спорт шебері – 130. Яғни Алмас Мұсабеков, Нұрбай Жармұхамедов, ағайынды Ағайдаровтар мен Байшолақовтар, Сәлкен Жартыбаев, Сергей Валобуев, Айбатыр Махмұтов, Нұрғали Оспанов, Асқар Жақыт сынды шәкірттері әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарында, КСРО біріншіліктері мен спартакиадаларында топ жарған. Осы орайда, ұлт спортында орны бар тұлғамен өткізген сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2018
Үкімет пен Ұлттық банк аграрлық секторды қосымша қолдау туралы бірлескен мәлімдеме жасады
ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.
Өнер • 14 Қыркүйек, 2018
Әлем • 14 Қыркүйек, 2018
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына үлесін арттыруға ниетті
Қазақстан Үндістанмен бірге Ливанда өз контингентін орналастыру және Біріккен Ұлттар Ұйымының қазақстандық «КАЗЦЕНТ» бітімгерлік оқу-жаттығу орталығын сертификаттауы арқылы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына өз үлесін арттыруға ниетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ-ның бітімгерлік қызметін реформалау жөніндегі отырысында мәлімдеді.