Президент • 23 Қыркүйек, 2021
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Жақында ресейлік «Кочевники Великой степи» деп аталатын оқырманы көп желілік топта мына бір дулығаның фотосы жарияланды. Жәдігер Жапонияның теңіз жағалауынан табылыпты. Анықтамалығында «татар-моңғол жарағы» деп жазылған. Татар-моңғол ұғымы жазушы Мұхтар Мағауинның тәпсірі бойынша – түркі-қыпшақтар. Демек, бұл бұйым арғы жағын айтсақ ежелгі көшпенділердің, бергі жағын айтсақ Ұлық ұлыстың іргесін қалаған бабаларымыздың мұрасы екені анық.
Кино • 23 Қыркүйек, 2021
Кейінгі уақытта киноөндірісінде классикалық туынды деп мойындалған бүкілхалықтық құрметке ие белгілі «бренд» фильмдерді заманға лайықтап қайта экрандау үрдісі күрт қанат жая бастады. Бұл үрдіс қауіпті ме, әлде бір қарауға қызық па, танымал фильмді қайта түсірудің көрерменге пайдасы бар ма, әлде зиянды ма, бұл тарапта ешкім нақты байлам жасай алмайды. Алайда Голливуд бастап, Ресей қоштаған кино әлеміндегі жаңашыл үрдістен Қазақстан режиссерлері де тысқары қала алмайтынын танытып үлгерген-ді.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Жалған терроризмге кімдер бой ұрады?
Ішкі істер министрлігінде онлайн өткен брифинг барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев биылғы жыл басынан бері 16 жеткіншектің терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл еліміздегі кәмелетке толмағандардың терроризм актісі туралы өтірік хабарлама таратуына қатысты ең жоғары көрсеткіші болып саналады.
Бизнес • 23 Қыркүйек, 2021
Табысын жасырғандар айыппұл төлейді
2021 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі басталғаны белгілі. Алғашқы кезеңде декларацияны қағаз түрінде ұсыну мерзімі биылғы 15 шілдеде аяқталса, электронды нұсқадағысы 15 қыркүйекке дейін жалғасты. Бірақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылды.