Саясат • 20 Қыркүйек, 2022
Ташкентте тұрақтылық мәселесі талқыланды
Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он жетінші кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022
Өрт қаупінің алдын алу – өзекті мәселе
Соңғы кездері солтүстікқазақстандық төтенше жағдайлар қызметі тілсіз жаудың алдын алу жұмыстарын қауырт жүргізуге мәжбүр болып отыр. Осы жылдың 8 айында облыс бойынша 2 300-ге жуық өрт болған. Бұл былтырғыдан 9 пайызға артық. Соның салдарынан 30 адам қаза болып, 542 адам эвакуацияланды. Ал өрттің эпицентрінде қалған 181 адам құтқарылды. Өрттің көбі тұрғын үйлерден шыққан.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Тығырықтан шығар жол таппай...
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға болады десек те, дүниенің төрт бұрышында әр қырық секунд сайын бір пенде бақидан пәниге аттануға әрекет жасап, соның көбі трагедиямен аяқталып жатады. Өкінішке қарай, бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеген ресми дерек. Осылайша, жер бетінде күнделікті өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны шамамен 2 200-ге жетіп жығылады, бұл бір тәулікте болуы ықтимал 15 ұшақ апатына тең.
Білім • 20 Қыркүйек, 2022
Білім бәсекесі – ең ұлы бәсеке. Ақыл іздеген жастардың талпынысына қарап таңдай қағасыз. Күні кеше Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары шетелде өткен білім байқауынан елге жеңіспен оралды. Озат оқушылар жаңа оқу жылын осылайша жарқын көңіл күймен бастады.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Қару тапсырғандар қомақты қаржы алды
Еліміз бойынша тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы Жамбыл облысында да қарқынды түрде жүргізіліп, бірер күн бұрын іс-шара толық аяқталды. Акцияның басты мақсаты – атыс қаруын қолданумен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы мақсатта Жамбыл өңірі үшін республикалық бюджеттен 10 млн 404 мың теңге бөлінген.