Құқық • 15 Қыркүйек, 2023
Экология заңнамасын бұзу азаймай тұр
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында, осы салаға жауапты мамандармен кездесулерінде үнемі айтып келеді.
Сайлау • 15 Қыркүйек, 2023
5 қараша – аудан және қала әкімін сайлау күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланатынын мәлімдеген болатын. Кеше осыған орай Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, саяси бәсекенің жай-жапсары түсіндірілді.
Құрылыс • 15 Қыркүйек, 2023
Ел аумағындағы ауқатты кәсіпкерлер мен белді құрылыс компаниялары Алматы қаласынан тұрғын үй кешендерін салуға айрықша құлшыныс танытып отыр. Дәл осы күні шаһардың 823 нүктесінде ауыр құрылыс нысандарының жұмысы қызқыз қайнап жатқан болса, оның 155-і біз айтып отырған тұрғын үй кешені. Сұранысқа сай құрылыстың қарқын алғаны жақсы-ақ, алайда сапаға салғырт қарайтын компаниялардың саны азаймай тұр.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2023
«Астана Опера» ұжымының Грузия еліндегі гастрольдік сапары 23 қыркүйек күні Шота Руставели атындағы Ұлттық мемлекеттік академиялық театр сахнасында өтеді деп жоспарланып отыр. «Тбилисидегі дала үні» аталатын концерттің грузиялық тыңдарман қауымға ұсынар жаңалығы көп. Алғаш рет Тбилиси төрінде өнер көрсеткелі отырған театр жаңа бағдарламасымен тыңдарманын қуантуға асық.
Кино • 15 Қыркүйек, 2023
Алатау баурайындағы кино жәрмеңкесі
Алматыда киноконтент өндірушілердің, продюсерлердің, дистрибьюторлік компаниялардың, сейлс-агенттердің, кино желілерінің, стримингтік платформалардың, халықаралық кинофестиваль сарапшыларының, Еуропа және ТМД елдеріндегі кино саласында қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері қатысқан Eurasian Film Market халықаралық кино нарығы басталды.