Өнер • 12 Қыркүйек, 2018
Аламанға ат қоссаң, бапты болсын
Аламанға ат қосқан ат төбеліндей малсақ қауымның көңілі күпті еді. Үкілеген жүйріктерінің қарым-қауметінің қаншалықты екендігін білгендіктен бе, дәмелісі аз да, дүрмекке дырду қосқандары басым.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2018
Тоқаш Бердияров өмірінің соңғы жылдары Алматының Гоголь көшесіндегі №15 үйдің 69 пәтерінде тұрған еді. 1988 жылы 29 шілде күні 63-ке қараған шағында ол кенеттен қайтыс болды. Ақынның Келес өзенінің жағасындағы зиратына ескерткіш кеудемүсін қойылған. Ұшқын ауылдық округіндегі Тоқаш Бердияров атындағы №127 жалпы орта мектебінде де ақынның кеудемүсіні орнатылған. Ақынның шағын мұражайы бар.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2018
Шыңғыс шығармаларымен көмкерілген кеш
Кеше Назарбаев Университетте әлемге әйгілі жазушы, қырғыз халқының бірегей суреткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Адамзаттың Айтматовы» атты рухани кеш өтті.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2018
Биыл маусым айында жолым түсіп, Шығыс Қазақстанға барып, көптен бері тек телефон арқылы сөйлесіп жүрген, бірақ бұған дейін еш жүздеспеген, сол жердің азаматы Алдияр Әубәкіровпен кездескен едік. Бір-бірімізді көріп, хал-жағдай сұрасқан соң, әңгіме тиегі елімізде болып жатқан елеулі оқиғаларға ауысып, Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына ойысқан-ды. Әңгіме барысында Алдиярдың Мағжанды өте терең білетініне қайран қалдым. Ол маған көпшілік біле бермейтін тың деректерді айтқаны бар. Сөйтіп, екеуара Мағжан ақынның тағдырына қатысты ел ішінде тарап жүрген әңгімелер жайлы пікірлестік.
Білім • 12 Қыркүйек, 2018
Еліміздегі білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру үрдісінен бөліп қарауға болмайды. Дүниежүзілік сападағы білім мен білік негіздерін меңгеруде жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.