Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 14 Қыркүйек, 2024
Дәстүрді асқақтатқан дода мәресіне жетті
Қазақ даласын апта бойы дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары да мәресіне жетіп, тарих жылнамасына жазылды. Кеше «Көшпелілер әлемі» этноауылында айтулы аламанның жабылу салтанаты өтіп, 2026 жылы өткізетін елге аманаттады.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2024
Түркі елдерінің тауар айналымы ұлғаяды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісім қаралды. Сенаторлар депутаттық сауалдар жолдады.
Өндіріс • 14 Қыркүйек, 2024
Түркістандағы аумағы 350 гектар болатын индустриялық аймақтың 40 гектары толықтай инфрақұрылыммен қамтылып, 32 жоба жүзеге асырылған. Облыс орталығына айналған қалада орта кәсіпкерліктің дамуына барынша жағдай жасалып келеді. Яғни қалада ауқымы кең, қуаты жоғары, өнімі сапалы кәсіпорындардың қатары артып жатыр. Әсіресе жиһаз өндірісінің қарқыны жоғары. Түркістанда жасалған жиһаздар ел өңірлерінен бөлек, шетелдерге де экспортталып жатыр.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Әуе тасымалы: Жолаушы жайын кім ұғар?
Көктегі көлік көпке қол жеткізбей тұр. Жеткізсе де көпшіліктің көңілі күннен-күнге күпті болып отыр. Әйткенмен әуе тасымалдаушылары жолаушылардың жанайқайын жылдар бойы құлағына қыстырар емес.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 14 Қыркүйек, 2024
Күрес түрлерінен өткен тартысты кездесулер Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының көрігін қыздырды. Қазақ күресінен бастап, түрік халқының – «ашыртмалы аба гюреш», өзбек ағайындардың – «кураш», қырғыз бауырлардың – «алыш», татар халқының «көрәш» мұрасы бірінен-бірі қалыспайды.