Кино • 11 Қыркүйек, 2018
Қазақ режиссерін әлем үздік деп таныды! Италияның Венеция қаласында өткен 75-ші халықаралық кинофестивалінде «Көкжиектер» («Горизонты») бағдарламасы бойынша бақ сынаған Әмір Байғазиннің «Өзен» фильмі «Үздік режиссер» аталымында топ жарды.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2018
Осы бір адам аяғы үзілмейтін, көпшіліктің көкірегіне Сарыарқаның самалындай жайлап ескен жылылық құйып тұратын «Көкшетау» мәдениет сарайының табаны күректей қырық жылдан астам тарихы бар. Тағылымды жол, тамаша үрдіс бүгін айрықша реңмен ажарлана түскен. Мәдениет сарайында 28 көркемөнерпаздар үйірмесі тұрақты жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге мыңнан астам адам қатысады. Мәдениет ошағының 14 ұжымы Мәдениет министрлігінің құрметті «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие.
Білім • 11 Қыркүйек, 2018
Емле ережесі жұртшылық талқысынан өтті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 26 қазанында «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған сәттен бастап, Елбасы жүктеген міндеттерді орындаудың мерзімдік кестесі жасалып, әсіресе қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру мәселесін ғылыми тұрғыдан толық сараптайтын жұмыс топтары құрылған болатын. Соның бірі – Орфографиялық топ. Оларға жүктелген міндет – латын қазақ әліпбиіне қатысты тілдің жаңа емлесін пысықтап, орфография және орфоэпиясын сараптап, емле толық түзілген соң орфографиялық және орфоэпиялық сөздік жасау. Осы орайда біз аталған топтың атқарып жатқан жұмысының барысы жайлы басылым оқырмандарын хабардар ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың мүшесі Гүлфар МАМЫРБЕК ханымға жолығып, сұхбаттасқан едік.
Технология • 11 Қыркүйек, 2018
«5.0 қоғамы» – Жапонияның болашаққа бағдары
Таң атқанда сізді оятып, күнтізбеңіздегі жұмыстарды есіңізге салып, ауа райының қандай екенін хабарлап, қолыңызға қолшатыр ұстап шығуды ұсынатын, сіз жұмыста болғанда шамасы жеткенше үйіңіздің шаруасын тындыра беретін көмекші роботыңыздың, иә болмаса жүргізушісіз өзі жүретін, темірден жасалғанымен «ақылы» бар смарт-көлігіңіздің болғанын қалайсыз ба? Ал кешке үйіңізге қайтып келгенше ақылды тоңазытқышыңыздың тапсырма бойынша тамағыңыз бен дәрі-дәрмегіңізді өзіңізге қажетті мөлшерде, қажетті уақытта, өзіңізді әуреге салмай-ақ, өзгенің мазасын алмай-ақ, сіздің роботыңыз сияқты роботтар жұмыс істейтін арнайы смарт-дүкендерден әуелетіп дәл есігіңіздің алдына әкеп беретін дрондар ұшып жүретін қоғамда өмір сүргенге қалай қарайсыз?
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018
Өзара серіктестікке – өрісті қадам
Елімізге екі күндік жұмыс сапарымен Ирина Костевич бастаған Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы келді.