Президент • 11 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті
Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 11 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 11 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысы қысқа толық дайын
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін облыстағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы туралы өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады. «Шанаңды жазда сайла» деген. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын тұр. Оның сыртында 18,3 шақырым жылу құбырының желісі, 91,6 шақырым су және қанализация құбырлары жөнделді.