Президент • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.

Өз кезегінде Ли Кэцян Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Қазақстан-Қытай байланыстарын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетінін атап өтті.