Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019

Қостанай облысы қысқа толық дайын

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін облыстағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы туралы өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады. «Шанаңды жазда сайла» деген. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын тұр. Оның сыртында 18,3 шақырым жылу құбырының желісі, 91,6 шақырым су және қанализация құбырлары жөнделді.

Қостанай облысы қысқа толық дайын

«Білім беру, денсаулық, әлеуметтік сала және көп қабатты үйлердің барлығы жылу қабылдауға сақадай сай. Осылардың барлығын жылу беру маусымына дайындау үшін қазір жылу жүйесінде гидравликалық күзгі сынақтар жүргізіп, тексерілуде. Осындай жұмыс барысында 32 құбырлардың ақаулары табылды. Ең ауқымды жұмыс «ССКӨБ» акционерлік қоғамының Рудный жылу-энергетикалық орталығында жүрді. Соңғы үш жылда жыл сайын оның жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңге жұмсалады» деді Ғауез Торсанұлы.

Бюджеттік мекемелр мен кәсіпорындар үшін көмірдің 88 пайызы, ал тұрғындар үшін қажетті отынның 70 пайызы жеткізілді. Аралық қаласы үшін де мазут биыл жеткілікті, қаланы жылытуды алдағы жылдары көмірге ауыстыру үшін жүретін жұмыстардың құжаттары дайындалуда.

Ауа райы суытқан жағдайда қазанның  1 – жұлдызынан бастап жылу беріледі.