Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Жергілікті билік өзге елдерде қалай сайланады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың кезі келгенін, соған сәйкес жаңа тұжырымдама әзірлеу мен жергілікті басшылардың құзыреті мен жауапкершілігін арттырудың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ Президент алдағы уақытта ауыл әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды. Бұл тәжірибе бірқатар шет мемлекетте әлдеқашан қолданысқа енген. Осы орайда аймақ басшыларын халқы сайлайтын мемлекеттердің тәжірибесіне шолу жасап көрген едік.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды
Жапонияның өкілдер палатасы ішкі сайлау өткізіп, Есихидэ Суганы ресми түрде жаңа премьер-министр лауазымын атқаруға лайық деп шешті. Сондай-ақ ол Либералды-демократиялық партияның да тізгінін ұстады.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Шолпанда тіршілік болуы мүмкін
НАСА ғарыш агенттігі алдағы уақытта ғарышқа планетааралық төрт зонд жібермек. Олардың қатарында Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, онда тіршілік көзі болуы ықтимал.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Вирус құрсауындағы әлем індеттен құтылар емес. Ол аздай жаһандық экономика құлдырай бастады. Жыл басында басталған коронавирустың екінші толқыны күзге тап келеді деген болжамдар айтылып жүрген-ді. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы мен мамандар арнайы мәлімдеме жасамаса да, бірнеше мемлекет инфекциялық аурухана салып, дайындығын бастап кетті. Ал коронавирус жұқтырған науқастар саны әлем бойынша 30 миллионнан асты.