Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Қылышын сүйретіп қыс келе жатқанда қала басшыларын қатты әбігерге салатын дүние – тұрғын үйлердің қысқа дайындығы. Әсіресе, сары аязы сақылдап тұратын Петропавл қаласының қысқа дайындығы осы күндері күн тәртібінен түспейді.
Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Өткеннің тәжірибесін де ескерген жөн
Осыдан біраз уақыт бұрын елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны болған еді. Яғни сайлау тәжірибесі арқылы әкімдер аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруімен сайланған болатын. Нәтижесінде, бірқатар ауылдық округтің әкімдері сайланып, жұмыстарын бастап та кетті. Дегенмен, халықты басқару, өзіне артылған міндеттерді мүлтіксіз орындау, жауапкершілікті өз мойнына алу ауыл әкімдері үшін оңай болған жоқ. Бүгінде тұрғындар тарапынан да сол ауыл әкімдеріне қатысты сын жиі айтылады. Әсіресе ауылдықтар көше, жарық, су және тағы да басқа мәселелерді жиі көтеріп, оның шешілуін жергілікті әкімдерден талап етеді. Сонымен қатар кейбір әкімдердің өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындамай жауапкершілікке тартылып жататыны бар.
Қаржы • 21 Қыркүйек, 2020
Салымшы бейнеттің зейнетін көре ала ма?
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында «2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді» деген болатын. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов айтқандай, зейнетақы қорында жиналған қаражаттың негізгі мақсаты – азаматтарды зейнет жасына жеткен кезде қаржымен қамтамасыз ету. Сол себепті жинақты түгелімен алуға болмайды, қаржының бір бөлігі міндетті түрде қорда қалуы тиіс.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020
Атырауда пәтерін заңсыз жалға бергендер анықталды
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалға берілген 778 пәтерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде 67 баспананың заңсыз жалға берілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2020
Курсанттар әскери-техникалық мамандықты тегін негізде алды
Қорғаныс министрлігі Алматы филиалының әскери-техникалық мектебінде курсанттар үш айлық оқуды тәмамдады, деп хабарлайды Egemen.kz.