Президент • 28 Қыркүйек, 2023
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Президент «Көшбасшылар диалогы» сессиясында Қазақстанның жаһандық экономикалық процестердегі рөлі туралы өз көзқарасын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023
Еліміздегі орман өрттері 30 млрд теңге шығын әкелді
5 жыл ішінде жалпы ауданы 610 мың гектар орманда 3 мың орман өрті орын алып, 30 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда жылуды әне-міне қосқалы тұрғанда үшінші жылу электр стансасында апат болды. Абырой болғанда, күн жылылау кезде істен шықты. Әйтпегенде, кеншілер астанасы Екібастұздың кебін киер ме еді? Апат кесірінен Қарағанды 3-4 сағатқа жарықсыз қалды. Облыс орталығынан бөлек, қала, аудандарда электр қуаты өшті. Ал алдыңгүні қатты жауыннан соң, Қарағанды көшелері көлге айналды. Екі күннен бері қарағандылықтар әрі-сәрі күйде.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2023
Астанада 60 мемлекеттік балабақша ашылады
Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен хабарлады, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2023
Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды тас жолында, сондай-ақ Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.