Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023

Курчатовта 64 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысына қарасты Курчатов қаласында 64 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Курчатовта 64 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

Фото: gov.kz

Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 балаға, 6 көпбалалы отбасыға, 40 толық емес отбасыға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарға жаңа пәтер кілті табысталды.

Баспаналы болғандардың арасында 78-жасар Курчатов қаласының тұрғыны 6 балалы «Алтын алқа» иегері Бахткан Муликова бар. Кейуана жақындап қалған «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында баспаналы болды.

Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев тұрғындарды қонысымен құттықтап, алдағы уақытта да тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025