Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Аллеядағы әңгіменемесе қазақтың қайсар қаламгері
Ұлт руханиятының қаранар абызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Казақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза қазақтың көркем әдебиетіне ғана олжа салып қойған жоқ. Оның қаламгерлігі қайраткерлікке ұласты, оның көкірегінде қоғамдық ойдың қорытпалары балқыды. Шерағаң жаңа тұрпатты, еркін тынысты тәуелсіз қазақ баспасөзінің бастауында тұрды. Өзінің айналасында Шерағаң шекпенінен шыққандардың тамаша журналистік мектебін қалыптастырды. Редакторлардың редакторы атанды. Отанымыздың бас газетінің егемендігімізге сай жаңа атауын дүниеге келтірді. Ел газеті «Егеменде» Шерхан Мұртаза үрдісі, Шерағаң дәстүрі дәуір жалауындай желбірей жалғасып келеді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
Медицина • 28 Қыркүйек, 2017
Медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?
Дүниежүзілік банк жүргізген зерттеулерді зерделесек, Қазақстан азаматтарының түрлі медициналық қызметтер үшін қалтасынан шығаратын қаражатының көлемі 38 пайыздан асып жығылады екен. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 20 пайызға да жетпейді. Бүгінгі таңда ЭЫДҰ-ға мүше 35 елдің 19-ы медициналық сақтандыру жүйесін қолданады. Олардың дені мемлекет бақылауындағы медициналық сақтандыру жүйесін басшылыққа алған. Жалпы денсаулық саласына қай елдің бөлетін қаражатын қарасаңыз да айдарынан жел ескен мемлекетті көруіңіз екіталай. ІЖӨ-нің 8-15 пайызын денсаулыққа жұмсайтын алпауыт АҚШ-тың өзінде 40,4 млн адам қарапайым медициналық көмекке зәру.
Білім • 28 Қыркүйек, 2017
Білімнің салтанат құруы: межелі міндеттер, түйінді түйткілдер
Отандық білім беру ісін қайтсек ақаусыз атқарамыз деген ниет осы салаға қатысы бар, тіпті ұрпақ өсірген әр азаматтың көңіл түкпірінде жай жатқан жоқ. Жасындай жарқырап тұр. Бәрекелдісіне жадырап, әттеген-айына түйіндей түйіліп, қалай оңалтуға болады, жолы қайсы, жөні қандай дейді. Бұл толғақты мәселенің түп-тамырын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деген еді.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Рухани ақпарат өрісінің айнасынан әлдеқалай шеттеп қалған жағдайда көркем ой жаңалығын өткеріп алып, өкініште қалатын сияқтысың.
Шоудағы «сенсация» немесе у-шудан «қашатын» ұғымдар
Өмірде әрине, барша жұртты таңғалдыратындай оқиғалардың күнде бола бермейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан да біз кез келген у-шуды, қызық пен думанды сенсация деп қабылдамаймыз.