Президент • 27 Қыркүйек, 2018
Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті
Кездесуде тараптар әлемдегі қалыптасқан жағдайға байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2020 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ Министрлер конференциясына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Теннис • 27 Қыркүйек, 2018
Дэвис кубогында кімдер қарсылас болады
Халықаралық теннис федерациясының (ITF) Лондондағы штаб-пәтерінде 2019 жылы өтетін Дэвис кубогының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2018
Берлинде қазақстандық суретшілер көрмесі ашылды
«Астық және раушан гүлдер» — бұл 1945 жылдан бастап қазіргі таңға дейінгі қазақстандық әйел-суретшілердің төрт буынының жұмыстарына жасалған зерттеу нәтижелері. Кураторлардың айтуынша, көрме қазақ өнерінің және мәдениетінің жаңа көрінісін және әлемдік бейнелеу өнері тұрғысындағы олардың кең түсінігін ұсынады.
Футбол • 27 Қыркүйек, 2018
Ең нашар футболшылардың тізімі жарияланды
Испанияның әйгілі «Marca» басылымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең нашар ойнаған футболшылардың шартты құрамын жариялады.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2018
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау: жаппай қырып-жою қаруын таратпау» тақырыбында жоғары деңгейдегі отырыс өтті. Кездесу АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен және төрағалығымен өтті. Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің атынан Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй, Ресей мен Қытайдың сыртқы істер министрлері Сергей Лавров және Ван И қатысты, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.