Технология • 27 Қыркүйек, 2019
Ақтау қаласында «CIO and Digital Professionals Workplace 2019» конференциясы өтті. Жиын барысында «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниямен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қаласында Smart City қанатқақты қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.
Технология • 27 Қыркүйек, 2019
Мүмкіндігі шектеулі жастардың IT жобалары
Даму ерекшелігі бар жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған «IteachMe» жобасының қатысушылары инновациялық идеялары үшін гранттар ұтып алды. Жеңіске жеткен жобалар арасында мүмкіндігі шектеулі жандарға өзін кез келген мамандық иесі ретінде көруге мүмкіндік беретін виртуалды алаң немесе дәрі-дәрмекпен емдеу тиімсіз болған кезде қолданылатын арнайы тренажер бар.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019
Фронт-кеңсе сот жұмысын жеңілдетпек
Қала тұрғындарының заңдық кеңес алуын барынша жеңілдету мақсатында Шымкент қалалық соты ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек беретін фронт-кеңсесі ашылды.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019
Қауіпсіздікке қатаң қадағалау қажет
Жазы жайлы делінетін Жамбыл өңірінде биыл өрт оқиғасы өршіп тұр деуге болады. Күннің қатты ысуы салдарынан немесе басқа да төтенше жағдайларға байланысты мұнда тілсіз жаудың қарқыны күшейді. Аптап ыстық әсіресе аудан, ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Бұл ретте қауіпсіздікке қатаң қадағалаудың қажет екені айтпаса да түсінікті еді.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019
Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыспайтын тараптардың пайда болғанын байқап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.