Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтті
Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы іске қосылды. Көрме аясында әуелі Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті. Салтанатты шараны Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйлеп ашып, жергілікті тұрғындарды «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен таныстырды.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Геннадий Головкин әлемдегі ең белді кәсіпқой боксшылардың тізімінде жетінші орында
Әлемге әйгілі ESPN телеарнасы P4P рейтингін қайта жаңартты. Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең белді кәсіпқой боксшылардың тізімінде орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық Геннадий Головкин жетінші орынды сақтап қалды. Ал «ТОП-10» былғары қолғап шеберлерінің тізімі мынадай:
Футбол • 05 Қыркүйек, 2019
Еуропа лигасындағы «Астананың» құрамы анықталды
2019/2020 жылдардағы маусымда «Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінде қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болдды. Бұл тізімге 24 футболшы енді.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде 120 елден $330 млрд шетелдік инвестиция тартылды
Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асыру барысы туралы айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Қарағандыда Жолдауды талқылауға арналған актив жиналысы өтті
Қарағанды облыстық әкімдігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жоспарын талқылаған актив жиналысы өтті.