Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумын ашты
Бүгін Astana Media Weeк аясында өңірлік БАҚ форумын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсетіп, ең жоғары марапатқа ие болған Михаил (Бимағамбет) Абдоловтың 100 жылдық мерейтойы батырдың туған жері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында кең көлемде аталып өтті.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
«Altai Invest-2018» форумында 110 жоба ұсынылды
Өскеменде «Altai Invest-2018» халықаралық форумы өтті. Маңызды жиынға Инвестициялар және даму министрінің, Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) директоры, Франция, Оңтүстік Корея және Венгрия елдерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілерімен қатар 20 мемлекеттен 500-ден астам делегаттар қатысты.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2018
Ақиқаты аңызға айналған Мүсілім Дайырбеков
Мүсілім Дайырбеков... Бұл есімді зиялы қауымның білмейтіні аз. Алдын көргендер жомарттығын жыр қылады. Атағын естігендер аңызын ауыздан-ауызға таратады. Ол туралы айтушылардың дені – ана ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарындағы бір дәуір бір дәуірді ығыстырып, әлемнің алты құрлығын қалтыратқан алып империяның тарих аренасынан кету қарсаңын көзімен көріп, ойы, санасы арқылы өткізгендер.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Диагностикалау мен емдеудің эндоскопиялық әдістері жетілдірілуде
Кеше Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында «Энтероскопия, эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу және эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография ерекшеліктері» атты шеберлік сыныбы өтті.