Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2024
Таврияға асфальт төселіп жатыр
Жуықта Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Көшербаев Таврия ауылын басып өтетін күрежолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтқан еді. Бүгінде аталған учаскеде жол жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Президент • 05 Қыркүйек, 2024
Президент Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылым • 05 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі саясаттағы, әдебиет пен мәдениеттегі оғландардың көбін білемін. Олардың өсу, өркендеу, орнығу жолдары көз алдымызда десем артық емес. Мен үшін осылардың ішіндегі ойда жоқта кездескен, руханият әлеміне айқайлап емес, абайлап кірсе де, дауысы айқын естілгені – Дархан Қыдырәлі. Дарханның жазушылығын, журналистиканы жетік меңгерген маман екенін беріде ғана білгенім бар. Оның бір себебі Дархан Қыдырәлінің Ыстанбұлда оқуы, жетілуі, Түрік академиясын басқаруы. Дархан – үлкен ғалым, сөз қадірін білетін бекзат жігіт.
Мирас • 05 Қыркүйек, 2024
Тарихи мұраға заманауи көзқарас
Көне тарихымыздың көмбесіндей болған құнды жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтау маңызды міндет. Бірегей мұралар бүлінбей, келешекке қаз-қалпында жету үшін кәсіби мамандардың күтімі қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мемлекеттік орталық музейде «Ашық қалпына келтіру орталығы» есік ашып, «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» деген атаумен дөңгелек үстел өтті.
Мәдениет • 05 Қыркүйек, 2024
Сальвадаор Дали... Өнер биігі, өре асуы. Жұмбақ жүрегінен шыққан самалды жаһанға жайған суретшіні білмейтін мәдениетті жан кемде-кем болар. Жалықтырмас жампоздың қолынан туған өнердің түпнұсқасы елге келді дегенде, өрекпіген көңіл кемерінен аса түскен.