Аңдатпа • 04 Қыркүйек, 2024
5 қыркүйек - Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Бейбіт Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымы сахналанады. Режиссері – Ж.Жұманбай.
Жәдігер • 04 Қыркүйек, 2024
Қазақ ұлтының аса көрнекті тұлғасы, ғасыр саңлағы, ғұлама ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық торқалы тойы Баянауылда сән-салтанатымен өтті. Іс-шарада ғұламаның ұрпақтары, сәтбаевтанушылар музейімізге бас сұғып, жәдігерлерді аманаттады.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2024
Теннис: Данияға қарсы ойнайтын құрама жасақталды
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Ойын 14-15 қыркүйекте өтеді.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024
Өңірде Әлихан Бөкейхан атындағы екі мектеп бар. Біріншісі – Қостанайдағы аралас мектеп. Екіншісі – темір кенімен даңқы шыққан Қашар кентіндегі қазақ мектебі. Мұнда негізінен Өзбекстаннан көшіп келген қандастардың балалары білім алып жатыр. Айтпағымыз, осы екі білім ордасының қайсысына бара қалсаңыз да, кіреберіс кең дәліздің төрінен Алаш көсемінің мүсінін көресіз.
«Таза Қазақстан» • 04 Қыркүйек, 2024
Тазалық сақтау – туған елге жанашырлық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экологиялық проблемаларға айрықша назар аударды. Ол: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамымызда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет» деп атап көрсетті.