Спорт • 04 Қыркүйек, 2024

Теннис: Данияға қарсы ойнайтын құрама жасақталды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан құрамасы  Данияға қарсы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Ойын 14-15 қыркүйекте өтеді.

Теннис: Данияға қарсы ойнайтын құрама жасақталды

Фото: ҚТФ

Юрий Щукин бастаған отандық бапкерлер штабы Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов секілді мықты ойыншыларды іріктеп алған.

Ал Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен  Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард есімді ойыншыларға сенім артып отыр.

Матчтар Астанадағы Beeline Arena орталығында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта, төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Еске сала кетейік, Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы келесі жылдың ақпан айында өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15