Экономика • 06 Қыркүйек, 2022
Жолымбеттен – 100 килограмм алтын
Ақмола облысындағы алтын шығаратын Жолымбет фабрикасында Доре құймалары түріндегі алғашқы жүз килограмм алтын шығарылды. Фабрика айтарлықтай модернизацияланып, алтынқұрамды кен өңдеу цехының құрылысынан кейін іске қосылды. Бүгінде бұл кенді де, техногенді-минералды түзілімдерді де өңдеп, Доре құймаларын шығаратын екі цехтық зауытқа айналды.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстанның айқын көрінісі
Өздеріңізге мәлім, Қаңтар оқиғасына байланысты құрылған «Аманат» комиссиясы күні бүгінге дейін жазықсыз қамалған азаматтарды босатумен айналысып келді. Осы сегіз айдың ішінде ұзын саны 500-ден аса азамат комиссиямыздың тікелей араласуымен бостандыққа шықты. Бірақ комиссия тек жазықсыз азаматтарды шығаруды ғана өз алдына мақсат етіп қоймады.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2022
Тіркелмеген көлікті заңдастыруға мүмкіндік
Жуырдағы Президент Жолдауынан кейін көліктерді тіркеу мәселесі қайта көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмір таққан автомобильдер тақырыбына ерекше көңіл аударып, автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталды. Мемлекет басшысы кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім екенін, заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретінін айта келіп, заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл іс-шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2022
Әділеттілік – берекелі қоғамның бастауы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту негізгі мәселе екенін атап өтіп, Үкіметке агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде арнайы тапсырма берді.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2022
Ел болашағының іргесін нықтайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдадым. Президент еліміздің толыққанды дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтты. Түйінді мәселелер Жолдауда нақты көрсетілді. Атап айтқанда, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқталды.