Айбын • 22 Қыркүйек, 2016
Аз ұлттан шыққан, қазақшасы жақсы сардарлар көбейіп келеді
Бүгінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы сапында көптеген ұлт өкілдері өздерінің Отан алдындағы қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Біз өңірлік қолбасшылыққа қарасты бөлімшелерде болып, әскерилердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан едік. Әскерилер дәстүр мен әдетке сай, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жөніндегі өз ой-пікірлерін емін-еркін ортаға салды.