Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
Референдум ерекшелігін ел ағалары түсіндірді
Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің көшпелі кеңесі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттерін айқындау, жұмысты ұйымдастыру мақсатындағы жиында көптеген мәселе талқыланды.
Энергетика • 25 Қыркүйек, 2024
Әлем елдері атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Көрші Өзбекстан да бір шешімге келіп, ресейлік технологиямен атом электр стансасын салатын болды. Себебі қажетті энергиясының 80 пайыздан астамын газдан өндіріп отырған көрші ел газ тапшылығына ұрынған соң, ең сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі ретінде АЭС-ті таңдады.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2024
Тасқын және жедел желі: жұмыс тоқтамайды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды. Отырыста тиісті министрліктердің басшылары мен бірқатар өңірдің әкімі баяндама жасап, күн тәртібіндегі тақырып бойынша түсініктеме берді.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2024
Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова АЭС салу тақырыбына орай қалалық штаб мүшелерімен бірге Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің және Ж.Тәшенов университетінің жас ғалымдарымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2024
АЭС игілігін барша жұрт көреді
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының жұмысы кеше Павлодар облысында жалғасты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері Ақсу, Павлодар қалаларында болып, энергетикалық корпорацияның ұжымымен, сондай-ақ металлургия саласында еңбек ететін мамандармен кездесті. Штаб мүшелері сарапшылар қауымдастығымен және белсенді жастармен де жүздесті. Іс-шаралар барысында АЭС салу мәселесіне қатысты референдумның маңызы мен мәні талқыланды.