Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Президент Қ.К.Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауы аса жауапты кезеңде жария етілді. Әлемдік коронавирус пандемиясы салдарын «ұзынның қысқарып, жуанның жіңішкерген өлара шағы» деп сипаттауға да келіп қалды. Мұндайда не керек? Барды ұқсату, әл-қуатты жүйелі есептеу, әлеуетті ақылмен жұмсау керек. Сонымен бірге әлгі «жіңішкенің үзілер уақыты» дегенде қазақ сары уайымға салынбай жаңа күннен – Наурыздың берекесінен үміттенеді. Бұл жерде Наурыз – рәміз-символ. Біз де жаңа күннен үміттенеміз.
Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауын бір сөзбен түйіндеуге болады: ҚОРҒАУ! Ең бастысы, халықты қорғау. Озық мемлекет үшін халқын қорғаудан құнды ештеңе жоқ.
Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Дамуға жетелейтін нақты бастамалар
Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы – ауқымды бағдарламалық маңызы бар құжат. Құжатта мемлекеттік аппарат және жалпы қоғам үшін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарлар әрі қазіргі өзектілігі жоғары басымдықтар нақты айқындалып, сарабдал іс-әрекетке жетелейтін нық қадамдар көрсетілген.
Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары Президенттің Жолдауда айтқан еңбек адамдары үшін өте маңызды бастамаларын, соның ішінде ең төменгі жалақыны көтеруді зор ықыласпен қабылдады.
Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айтылған міндеттердің шешімі Қарағанды облысы әкімдігінде өткен актив жиынында талқыланды.