Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Түркістандық азаматша мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін цехын ашты
Түркістандық кәсіпкер Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда онда 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Энергетика министрлігі мұнай-газ секторын экспорттауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізуде
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Энергетика саласындағы қазіргі және орта мерзімді жоспарлар туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады
Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жиһаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2020
АҚШ-та "Лаура" дауылы 18 адамның өмірін қиды
АҚШ-та "Лаура" дауылы 18 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті
12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.