Экономика • 27 Қыркүйек, 2022
Мұнай мен теңге бағамындағы тәуекелдер
Өңірлерде өндіріс ошағы бұрқ-сарқ қайнап, сайраған логистика дайын өнімдерді экспорттап үлгере алмай, бизнес мемлекеттің бір мүйісін демеп тұрар ел болғанымызда, бәлкім, мұнай бағасына аса алаңдай қоймас па едік. Бірақ көрген-баққанымыз – осы «қара алтын», сондықтан оның жаһан нарығындағы құбылуы тап бір жүрегімізді ауыртпаса да, кеуде тұсымызды ептеп сыздатып өтері белгілі. Тағы бір айта кетерлігі, мақалада тек мұнай туралы емес, мұнай және оған қатысты туындайтын тізбекті проблемалар туралы да сөз болады.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022
Әлеуметтік қызметтерді дамыту өзекті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызметтерді дамыту, мүгедек адамдарды оңалту бойынша халықаралық онлайн-конференция барысында Қазақстандағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамуы туралы мағлұмат берді.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022
Екібастұздағы МАЭС-1 және МАЭС-2 стансалары Қазақстандағы энергия жетіспеушілігін шешуге талпынып жатыр. Алдағы жылдары соңғы аталған стансада №3 энергоблок құрылысы жалғасатын болса, кәсіпорынның қуаттылығы 1 600 мегаватқа жетпек. Ал «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-да №1 энергоблок күрделі жөндеуден өткен соң орталық өзінің жобалық қуаттылығын – 4000 мегаватты бағындырады. Айтып өтейік, бүгінде Павлодар облысы еліміздегі электр энергиясының 40 пайыздан астамын өндіреді және аймақ сала бойынша көш бастап тұр.
Білім • 27 Қыркүйек, 2022
Жоғары білімнің сапасы арта түседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жоғары білім саласында қордаланып қалған мәселелердің нақты шешімдері ұсынылды. Бұл пәрменді тапсырмалардың орындалу барысы туралы және саладағы жұмыстар жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жан-жақты мағлұмат берді.
Саясат • 27 Қыркүйек, 2022
Саяси жүйені түбегейлі жаңарту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі отандық ғылыми-сарапшылық қоғамдастық өкілдері тарапынан қызығушылық туғызып, кәсіби алаңдарда алдағы саяси өзгерістерге байланысты нақты ұсыныстар айтылып жатыр.