Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Парламент Сенатында «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан алқалы жиында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйледі.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2017
Достық пейілдегі турнир өз мәресіне жетті
Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін жекпе-жек ұрыстан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған халықаралық деңгейдегі бұл байқауға еліміздің күш құрылымдары спорт командаларынан бөлек, Ресей мен Қытай және Қырғыз елінің командалары қатысқан болатын.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Қ.Тоқаев: Білім беру жүйесінде ойластырылмаған тәжірибелерді жүргізуге болмайды
Бүгін Парламент Сенатында «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдаулар болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Шығыс Қазақстанда дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Дін саласындағы өзекті мәселелер: діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни қағидаларға, экстремизмге қарсы күрес шаралары турасында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Шығыс Қазақстан облысына жасаған сарапында кеңінен сөз болды. Жиынға қатысушылар радикализмге қарсы күрес жүргізу шараларын, мемлекеттік органдардың өзара тиімді қарым-қатынас орнатуын, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктердің жай-күйін талқыға салды.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті.