Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017

Шығыс Қазақстанда дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

802 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дін саласындағы өзекті мәселелер: діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни қағидаларға, экстремизмге қарсы күрес шаралары турасында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Шығыс Қазақстан облысына жасаған сарапында кеңінен сөз болды. Жиынға қатысушылар радикализмге қарсы күрес жүргізу шараларын, мемлекеттік органдардың өзара тиімді қарым-қатынас орнатуын, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктердің жай-күйін талқыға салды. 

Шығыс Қазақстанда дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы басқосуда дін саласында өзекті деп танылған мәселелерді жиында кеңінен талқылаумен шектелмей, оны көпшілікке түсіндіру, насихаттау, өткізілген шалалардың басты міндеті деп санайды. Өз сөзінде, біздің елдегі діни аудиторияға сыртқы жағымсыз күштердің ықпалы артқандығын тілге тиек еткен ол ақпараттық кеңістігінің ашықтығы және жаһандану процестерінің кері өзгерістері оның ішінде интернет, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс құралдарыны идеологиялық тұрғыдан басымдық танытып отырғандығын айтты. Әсіресе, бұл көрініс дін саласында айқын аңғарылады.

«Бүгінгі таңда өздерін атеист немесе агностик деп санайтындар 10%-ды құрап отыр. Ал шамамен 75% халық өздерін дінге сенетіндерін бірақ, жамағатпен жүйелі түрде діни рәсімдерді жасамайтындықтарын айтқан. Дінге сеніп, барлық діни рәсімдерді үнемі орындайтындар 16%-ды құрап отыр. Елдегі діншілдік деңгейінің өсуі, радикалды идеологияның кеңінен қанат жаюына мүмкіндік береді», деді Ғалым Нұрмағамбетұлы. Оның айтуынша, діни сауатсыздықдың туындауына ең алдымен, діни білім – жан-жақты тәрбие мен және де саяси сауаттылық да қажет.

«Мемлекет азаматтардың құқықтық ар-ождан бостандығын қамтамасыз етіп, елімізде тіркелген діни бірлестіктердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Осы ретте, Елбасының Жарлығымен әзірленіп, бекітілген, аса маңызды стратегиялық құжат саналатын Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын жасалды. Бұл құжат – мемлекет пен дін арасындағы жүйені қалыптастырып, қарым-қатынастар пен көзқарастарды айқындайды. Сонымен қатар, діннің қоғам алдындағы, өмірдегі ролін белгілеп бермек, ̶ деді ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі. Оның сөзінше, Тұжырымдамада бекітілгендей, канондық және діни мәселелерге мемлекет араласпайды. Бірақ, заңның қатаң сақталуын қадағалайды.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керектігін атап өтті. Мұндай жұмыстар өз кезегінде Республика аумағы бойынша өз тиімділігін көрсетіп отыр. ШҚО-да Өскемен қаласындағы Орталық мешітте, Семей қаласындағы- «Бір мұнаралы Тас мешіт» және де «Тыныбайда» өткен кездесулер мен басқосулар осыған мысал бола алады. Сондай-ақ, осындай кездесулер түзету мекемелеріндегі сотталғандармен оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен де болып өтті. 

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Дін істері комитетінің мәдениет және дін Халықаралық орталығы, Ғылыми-зерттеу және талдау орталығының мүшелері, сарапшы-теолог мамандар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері бар.