Білім • 03 Қыркүйек, 2021
«Кәсіби бағдар» жобасы: 20 мыңнан астам оқушы болашақ мамандығын анықтады
Еліміздің барлық өңірлерінен орта мектептердің 20 586 оқушысы «Кәсіби бағдар» жобасы аясында 5 бағыт бойынша 85 түрлі тренингтен өтті: «Тиімді коммуникациялар, шешендік шеберлік», «Жобалық ойлау», «Кәсіби бағдарлау және мансаптық траекторияны құру», «Эмоционалды интеллект», «Командалық жұмыс».
Білім • 03 Қыркүйек, 2021
Олимпиада жүлдегерлеріне – 4,4 млн теңге
Бұған дейін еліміз спорт шыңын бағындырған Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы беріп келсе, енді халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары да біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады.
Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021
Биыл Атырауға Ресейден коронавирус жұқтырған 52 қазақстандық келген
Биыл «Атырау-Ресей Федерациясы» мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» санитарлық-карантиндік бекеті арқылы 52 қазақстандық ел аумағына коронавирус инфекциясын жұқтырып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2021
Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында сауалдама жүргізіп, екінші тоқсандағы негізгі көрсеткіштерді анықтаған. Оның нәтижесі бойынша, тау-кен өнеркәсібінен және көлік пен қоймада сақтау саласынан бөлек барлық салада дайын өнімге деген сұраныс біршама нашарлап кеткен. Сауалдамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма ұстаушы кәсіпорындар қатысқан.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2021
Жаңа бонд қоймасы тапсырыс берушілерге тауар жеткізуді жеделдетеді
«Қазпошта» АҚ-ның жаңа бонд қоймасы қанатқақты режімде жүктердің бірінші партиясын өңдеп үлгерді. Ұлттық пошта операторы қыркүйек айының ортасына қарай өңдеуге 100 тоннаға дейін пошта жөнелтілімдерін қабылдай отырып, қойманы толық қуатына шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа бонд қоймасы «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында орналасқан.