Экономика • 03 Қыркүйек, 2021

Жаңа бонд қоймасы тапсырыс берушілерге тауар жеткізуді жеделдетеді

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ-ның жаңа бонд қоймасы қанатқақты режімде жүктердің бірінші партиясын өңдеп үлгерді. Ұлттық пошта операторы қыркүйек айының ортасына қарай өңдеуге 100 тоннаға дейін пошта жөнелтілімдерін қабылдай отырып, қойманы толық қуатына шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа бонд қоймасы «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында орналасқан.

Жаңа бонд қоймасы тапсырыс берушілерге тауар жеткізуді жеделдетеді

Қазпоштаның Бонд қоймасы арқылы алыс шетелдерге пошта жөнелтілімдерін жөнелту және қабылдаумен қатар ЕАЭО елдеріне транзиттік жүктерді өңдеу жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның тран­зиттік әлеуетін дамытуға мүм­кіндік береді. Бүгінгі таңда қазақ­с­тандық бондтың қызметі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдері тарапынан сұранысына ие. Сонымен қа­тар Қазпошта ірі қытайлық логистикалық компаниялармен келісімге қол жеткізді. Серік­тес пошта әкімшіліктерімен жа­салған уағдаластықтар тікелей тауар ағыны көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Бонд қоймасында тауарларды сақтау қызметтері ритейлерге және электронды сау­да алаңдарына өте тиімді. Оларға та­уар­ды кедендік аумақ­тан сатып алушыға жет­кі­зу­ге алып кеткен соң, салық баждары мен алымдарды төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл бизнеске шығын­дар­ды азайтуға және өздерінің клиенттеріне тапсырыстарды жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай шешім өндіруші елден жеткізуді күтпей-ақ, өз тауарын неғұрлым қысқа мер­зімде қолдарына алатын тұты­ну­шыларға тиімді. Бұл артық­шы­лықтардың барлығы электронды ком­мер­цияның дамуына және қолма-қол ақшасыз төлемнің өсуі есебінен көлеңкелі айналымдағы қаражатты азайту жөніндегі мемлекеттік міндетті шешуге ықпал етеді. Жаңа бонд қоймасында жүктерді темір жол және автомобиль көлігімен қабылдау және жіберу мүмкіндігі бар.

 

«Егемен-ақпарат»